Кеңістік пен уақытты бағдарлау формалары

Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары.

Сондықтан кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, аулақ өмір сүрді деу шындыққа сай келмейді. Кеңістікті қабылдау-заттар, құбылыстарының көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, бағыт-бағдарын қабылдау. Уақыт та кеңістік сияқты материаныңөмір сүруінің обьективтік реалды формасы.

Уақытты қабылдау сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар да болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп ескі заттардың жоғалып, жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады.

Дәріс тақырыбына қатысты сұрақтар:

1. Қабылдаудың түйсіктен айырмашылығы неде?

2. Қабылдаудың тұтастығы дегенді қалай түсінуге болады?

3. Қабылдаудың константтылығы дегеніміз не?

4. Адамдардың қабылдау саласындағы типтік айырмашылықтары қандай?

5. Бақылау мен қабылдаудың өзара байланысының мәні неде?

Дәріс №10. Балалардың қабылдауын дамыту.

Қабылдау – сезім органдарына тура әсер ету арқылы құбылыс, жағдай, заттарды тұтастай бейнелу. Баланың қабылдауын дамытудағы психологиялық коррекцияны жүргізу жұмысында келесі қасиеттерге назар аудару қажет.
1) Қабылдаудың заттылығы–шынайы өмірдіңобъетіліері мен құбылыстарын түйсік жинақтығын түрінде емес, жеке заттар түрінде бейнелеу қабілеттілігі.
2) Тұтастық–заттардыңқасиеттері мен жеке сапасының ақпаратының әртүрлі түйсінудің түрі ретінде алынған заттың тұтастай бейнесінің бейнеленуі. Түйсіктердің өзара шартты рефлекторлы байланыстарының негізінде пайда болады.
3) Құрылымдық–салыстырмалы және тұтастай қарапайым құрылымға әсер етуші стимулдардың бірлесуі. Қабылдау проекция және түйсіктер саны емес.
4) Мағаналығы – қабылданып отырған зат немесе құбылыс қамағана беретін қабылдаудың қасиеті.



5) Таңдамалық немесе белсенділік – бір объектілердің басқалардан бөліп қарастыру, осылайша қабылдау белсенділігін арттырады.

6) Қабылдау көлемі – бір фиксация кезеңінде мүмкін болатын объектілерді қабылдау көлемі.

7) Қабылдау нақтылығы – пайда болған бейненің қабылданып отырған объектінің қасиеттеріне сәйкес келуі.

8) Қабылдау толықтығы – пайда болған образдың қабылданып отырған объектінің ерекшеліктеріне сәйкес келуі.

Ойлана отырып талдау қабілеттілігі– сөзді логикалық ойлауды дамытудағы критерилердің бірі. Тұжырымдап ойлау баллада бір ойдың екінші ойға ағымдауынан, бір тұжырымдан екінші тұжырымға ауысуы, уақытта жағдайлардың қарама қайшылықсыз бөлуі болып табылады. Мысалы, балаға «Косағын тап» ойыннында бейненің қабылданып отырған объектінің қасиеттеріне сәйкес келуі қабылдау нақтылығы дамытады.

Дәріс №11. Ес

Ес дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес күрделі техникалық процесс.



Ес - 1. есте қалдыру, 2. қайта жаңғырту, 3. тану, 4. ұмыту секілді процестерден тұрады.

Бір нәрсені есте сақтау - оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстары психологияда ассоциация д.а. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грех ойшылы Аристотель болды. Аристотель ассоциацияларды тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін ойлау, қиял, ерік түрлерін түсіндіруге бұл принципті қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, психикалық процестердің табиғатын түсіндірген ұлы орыс ғалымы И. П. Павлов болды.

Ассоциациялардың 3 түрі бар:

Олар: іргелестік, ұқсастық, қарама қарсылық.

1). іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат елестегенде оған қоса қатысы бар екінші затты туғызады.

2). Ұқсастық ассоциациясы нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа ұқсайтын екінші затты елестетеді.

3). Қарама-қарсылық ассоциациясы бір зат туралы елес оған қарама қарсы екінші затты еске түсіреді.

Ес процесінсіз адам мәдениеттің қай саласы болмасын қалағанынша меңгере алмайды.

Ес 4-түрі бар: Олар: 1). қимылдық ес немесе қозғалыс есі, 2). бейнелеу немесе образдық ес, 3). сөз логикалық немесе мағналық ес, 4). эмоциялық ес немесе сезім есі.

1) Қозғалыс есі деп ойын, еңбек әрекетінде болатын қимыл қозғалысты еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыру. Мысалы: бір нәрсені жаңадан үйренгенде, мысалы жазуды соған қатысты қолдың қозғалыстарын есте сақтайды.

2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды.

3) Адам ойының түрлі формаларын еске қалдыра алу қабілеті сөз логикалық ес деп атайды. Сөзді есте сақтау ойлау жұмысына байланысты.

4) Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді.

Ес процестері. Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгі есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ол арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.

Есте қалдыру.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, айналадағы өмірдің түрлі көріністері сол қимыл әрекеттерінің ағымына қарай есте қалып отырады. Ал арнайы есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді. Қандай обьектіні болмасын әдейілеп есте қалдыру үшін мынадай шарттарды орындап отыру қажет:

1). Есте қалдыруда әр кез мақсат қою керек.

2). Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де байланысты болады.

3). Шығарманы оқылатын жоспарлай алу есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Жоспар анық дәл болуы керек. Тек жәй құрыла салған жоспар есте берік сақталмайды.

4). Мағыналы есте қалдыру нәрсенің мәнін түсіну. Материалды жақсы ұғыну, терең түсіну.

5). Оқып отырған шығарманың байланыс, жүйелерін елестетуге, еске тірек боларлық ой желісін табуда схема, чертеж, таблициалармен қатар, шартты белгілер қолданылса, есте қалдырудың сапасы артады.

6). Есте қалған шығарманы адам өз сөзімен құрастырып айтып бергені абзал.

7). Шығарманы есте қалдыру адам өзін тәрбиелей алуына да байланысты.

8). Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты.

Қайта жаңғырту және тану ес процесі.

Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту болып бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Яғни бейнелердің өздігінен көрініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жерден жаңғыруын айтады.

refaosk.ostref.ru including.unoreferat.ru refanuv.ostref.ru terio.underref.ru Главная Страница