Орфоэпия туралы түсінік. Орфоэпия мен орфография мәселелерінің арақатанасы

Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. «Орфоэпия»-дұрыс айтамын деген сөз. Орфоэпия-ауызша бірізді дыбыстардың дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір-біріне үндесіп айтылуын керек. Орфография деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография-сөзді дұрыс жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қанджай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек н/е дефия арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасфмал тәртібін белгілейді.

Синтаксис және оның зерттеу обьектісі. Синтаксистің зерттелуі. Сөз тіркесі, оның түрлері.

Синтаксис-грамматикасының морфология сияқты саласының бірі. Гректің құрау, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысып, сөз тіркесін, сөйлемнің құрамы мен құрылысын, түрелерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Синтаксистің негізгі обьектісі-сөйлем. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде 3 салаға бөлінеді. Олар: 1.Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі мен тіркесу тәсілдері, формалары, сөз тіркесінің құрамы, олардың түр-түр қарастырылады. 2.Сөйлемнің синтаксисі. Мұнда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құралы, олардың түрлері қарастырылады. Сөйлем синтаксисі іштей 2 салаға бөлінеді: жай және құрмалас сөйлем синтаксисі. 3.Мәтін синтаксисі-күрделі синтаксистік тұтастық. Мұны синтаксистің обьектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық шоғырланған жиынтығы деп аталады.



Синтаксис ғылымының зерттеу аясын А.Шахматов «Сөздегі ойды табатын тәсілдерді зерттейтін грамматиканың саласы» ретінде анықтаса, Ф.Фортуноитов «Сөйлем ішіндегі сөздердің қызметі мен тұлғасын зерттейтін грам-лық тарауы» ретінде таниды. М.Балақаев» Синтаксис-сөз тіркесін сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксис формаларды адамның ойын білдіру грам-ның тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қалыптасты»-деп атап көрсетеді. Профессор Сәрсен Аманжоловтың 1939 жылы орталау және орта мектепке арналған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімі жарық көрді.

Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.Сөз тіркесінің 2 түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі-сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөздердің тіркестерін ұйытқы сөздер, яғни басыңқылары зат есім, сын есім сияқты сөздер есім сөздер болады, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі н/е етістіктің есімше түрі атқарады. М: жақсының сөзі, оқылған кітап, қалың тоғай. Етістікті сөз тіркесі- грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады.М: ашу-ызамен істеді, гүл ғып өсірді.



Екпін. Интонация

Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі. Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді. Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б. Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

Интонация- сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:

1.Мелодия 2.Ритм 3.Темп 4.Қарқындылық 5.Тембр

6.Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.

Формы использования специальных психологических познаний
УЧАСТЬ СПЕЦІАЛІСТА-БУХГАЛТЕРА У ПРОВАДЖЕННІ ОКРЕМИХ СЛІДЧИХ ДІЙ
Взаимодействие со зрителем и природа существования актера в различных драматургических жанрах и режиссерско-постановочных стилях.
Схема питания тяговой сети трёхфазно-двухфазным трансформатором по схеме Скотта.
Стаття 118. Залежне господарське товариство
Греченко В.А. ІСТОРІЯ УКРАЇНИ
Страхування технічних ризиків
Виробництво, як відкрита система
СРЕДНЕВЕКОВЫЙ ПЕРИОД 800 – 1800 гг. н.э.
Хозяйственные связи по поставкам товаров: понятие, структура хозяйственных связей на современном этапе, виды.
Если у тебя что-то болит, это не значит, что ты плохой человек
Нідерланди.
Соціальна структура особистості: поняття, елементи.
Альтернативні уявлення щодо макроекономічного регулювання: теорії раціональних сподівань та економіка пропозиції. Крива Лафера.
Тема 13. Коммерческая деятельность по оптовой продаже товаров
Якісні та психологічні складові надання послуг
Балів (оцінка – «відмінно»)
Пояснения морских терминов, встречающихся в книге
Хвилі в Океані
Контрольні питання
Прикладне програмне забезпечення.
Вибір і закріплення теми бакалаврської роботи
Система показателей развития международной торговли
Главная Страница