Тақырып «Корреляция туралы түсінік. Корреляциялық моедльдерді құру» - 3 сағат

Дәрістің жоспары

1 Функционалдық тәуелділік түсінігі

2 Корреляциялық тәуелділік түсінігі

3 Корреляциялық тәуелділіктің дұрыстығын бағалау.

АТП жұмысының техникалық-экономикалық және эксплуатациялық көрсеткіштері бір-бірімен және сыртқы факторлар арқылы байланысқан: қызмет көрсететін клиентураның жұмысымен, жолдар жағдайымен, климаттық жағдайлармен және т.б.

Көрсеткіштің шамасы дәл және оған әсер ететін фактордан анық тәуелді болғанда функционалдық тәуелділік орын алады, яғни бұл тәуелді шаманың мәні әсер ететін факторлармен (аргументтермен) толығымен анықталатын шамалар арасындағы байланыс. Мысалы, жүгі бар жүрістің орташа ұзындығы l (км) автокөліктердің жалпы жүктеліп жүріп өткен ұзындығына L және олардың жүрген жолдар санына n:l=L:n байланысты. Бұл теңдеу есептеу кезінде бір немесе көп автокөліктердің жұмыстары туралы деректері қолданылатынына, тасымалдау қайда орындалатынына, қандай жүк тасымалданатынына және қандай автокөлікпен тасымалданатынына тәуелсіз қатал орындалады.

Алайда, қозғалмалы құрамды қолданудың, АТП қызметінің нәтижелерінің көптеген көрсеткіштерінің өзара байланыстары байқаудың жалпы жиынтығында байқалады. Мысалы, автокөліктердің эксплуатациялық жылдамдығы тасымалдаудың арақашықтығы ұлғайған сайын өсе беретіні белгілі. Бірақ автокөлік жүріп өткен сайын әр кезде бір арақашықтықтан өтсе эксплуатациялық жылдамдығы әр түрлі болуы мүмкін, өйткені оған техникалық жылдамдық, жүк тиеу-жүк түсіру уақыты және басқа факторлар әсер етеді. Эксплуатациялық жылдамдықтың ұлғаюының жалпы заңдылығы жүктерді тасымалдау арақашықтығының ұлғаюы кезінде, егер автокөліктердің жұмысы туралы деректердің санын талдасақ, анық көрсетіліп тұрады.Бұл жұмысты жоспарлау кезінде осы заңдылықты ескеріп отыруға негізделеді. Мұндай заңдылықтар функционалдық емес, корреляциялық тәуелділікті бейнелейді.



Корелляциялық байланыстар статикалық болады, өйткені у функциячының шамасы толығымен х тәуелсіз шамасымен анықталмайды. Олар бір-бірімен стохастикалық байланысқан, олар екі шамаға да бірдей емес бірінші және екінші шамаларға әсер ететін жалпы кездейсоқ факторлар болғанда, кездейсоқ шамалар арасында пайда болады. Сонымен қатар у тәуелді шама мен х тәуелсіз шама арасындағы байланыс у-ң әр мәніне у-ң кездейсоқ мәндері сәйкес келгенде, бірақ х өзгергенде бұл мәндер заңды түрде өз орындарын өзгерткен кезде көрінеді.

Қарапайым жағдайда корелляциялық талдау екі көрсеткіш арасындағы тәуелділікті анықтау үшін қолданылады, олардың біреуі х тәуелсіз көрсеткіш-фактор, ал екіншісі – оған тәуелсіз у көрсеткіші болады. Бұл тәуелділік у=f(x) функциясымен сипатталады.

Корелляциялық талдаудың бірінші кезеңіне осы функцияның түрін орнату жатады, яғни оқытылып отырған байланыстың сипаттамасына сәйкес келетін корелляциялық теңдеуді табу керек. Корелляциялық теңдеудің түрін таңдау корелляциялық талдаудың аса маңызды тапсырмасы болып табылады және оқитын процестерді тереңдеп білуді қажет етеді..



Корелляциялық байланыс тек қана үлкен статикалық материалда орнатыла алады (тәжірибелік есептемелер үшін 20-дан аз емес байқаулар қарастырылады).

Ең қарапайым теңдеуге түріндегі түзусызықты теңдеулер мен параболалар түріндегі теңдеулер жатады.

Координаталары х пен у нүктесі корелляция алаңында кейбір қисық сызыққа жақын орналасса, онда қисықсызықты тәуелділік пайда болуы мүмкін.

Экономикалық есептеулерде сызықтық емес тәуелділіктің көп мөлшерінде жиі гипербола мен көрсеткіштік функцияны қолданады.

Алынған корелляциялық тәуелділікті талдау мен жоспарлауға қолдану үшін байланыс тарлығын, екі көрсеткіштер арасындағы тәуелділік күшін анықтау қажет. Ол үшін корелляция коэффициенті (сызықтық функциялар үшін) мен теориялық корелляциялық қатынасты есептеп (қисықсызықты функциялар үшін) табады. 0-ден (байланыстың болмауы) 1-ге дейін (толық функционалдық байланыс болады) бола алатын алынған мән бойынша алынған заңдылықты қолдану туралы шешім қабылданады.

Кесте түрінде көрсетілген байқау туралы жүйеленген деректер корелляцияланған кесте деп, ал графикалық түрде бейнеленгендер – корелляция алаңы деп аталады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Геронимус Б.Л., Царфин Л.В. Экономико-математические методы в планировании на автомобильном транспорте. – М., Транспорт, 1988.

СӨЖ арналған бақылау сұрақтары 7-тақырып [5,6]

]1. Көрсеткіштер және оған әсер ететін фактор шамасы арасындағы байланыс қай кезде функциональды, ал қашан корреляционды?

2.Корреляция өрісі дегеніміз не?

3.Корреляциялық кесте дегеніміз не?

4.Алынған корреляциялық тәуелділік қалай бағаланады?

referatwmr.nugaspb.ru refansg.ostref.ru referatves.nugaspb.ru refamrm.ostref.ru Главная Страница