Шығармашылыққа баулу әдістемесі

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің « Ел боламын десең, бесігіңді түзе » деген тағылымы мол сөзі бар. Ол – еліңнің ертеңі – жас ұрпақты жақсылап өсір, тәрбиеле дегенді білдіреді. Ал елдің келешегі – ұстаз қолында. « Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға » деп данышпан Абай атамыз айтпақшы, ұстаздық атаққа азапты еңбек, шыңдалған шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады. Соңғы жылдары білім беру жүйесінде өзгерістер молынан көрініс беруде. Жаңа, тың бағыттар, жаңа педагогикалық технологиялар пайда бола бастады. Соған сәйкес мұғалімге жүктелер міндет - жан -жақты дамыған, ойы ұшқыр, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Дәл қазіргі кезде бәсекеге қабілетті, ұлттық рухы мықты ұрпақ тәрбилегіміз келсе , оқу – тәрбие үрдісіндегі жаңа технологияларды, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып білім сапасын арттыруымыз керек. Себебі - ұстаз еңбегінің өлшеуіші – білім сапасы. Жан – жақты біліммен қаруланған, қоғамда өз орны бар, іскер, жан – дүниесі бай ұстаздан адамдармен дұрыс қарым –қатынас жасай алатын, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлға қаллыптасары айдан анық. Қазіргі уақытты 30 – 40 жыл бұрынғы уақытпен салыстыра алмайсыз. Бұрын біздер физиканың ішіне « Махаббат, қызық, мол жылдарды » салып оқитын болсақ, қазіргі оқушы теледидар немесе компьютер алдына телміреді. Рухани байлық көркем шығарма оқымаған адамға қайдан келмек ? Ендеше олардан елінің рухын асқақтататын, тілі мен дініне берік азаматты қалай шығармақпыз ? Баланың бойынан шығармашылық қасиет тауып, қабілетін жетілдіруде әдебиет пәнінің орны ерекше дер едім. Өйткені ол бала жанын әсемдікке шомылдырып, парасаттылықтың ұрығын себетін бірден – бір пән – әдебиет пәні екені сөзсіз. Және де әр адамның алдындағы парасатты парызы - өз ұлтының мәдениетін құрметтеу, ана тілін ардақ тұту, төл әдебиетін терең сезіммен сүюді үйрететін әдебиет пәнінің мұғаліміне үлкен жүк. Оқытудың сапасын көтеру мәселесі мұғалімнен шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, шығармашылықпен айналыса отырып мұғалім оқушыгың жеке – дара қасиеттерін ашуға ұмтылады. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жаңа технологияларды оқып –үйреніп, мысалы : 1) оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту ;



2) тілдік материалды сатылай кешенді талдау ; 3) деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту ; 4 ) модульдік оқыту ; 5 ) сабақта ойын элементтерін қолдану т. б технологияларды іс – тәжірибеде қолдану керек. Сондықтан ұстаз пәнге кіріспес бұрын жоспарлы түрде мынадай тұжырым жасау қажет :

1. Теориялық білімді терең меңгерту.

2. Пәнге қызығушылығын ояту және арттыру.

3. Оқушылардың бойындағы талант пен дарындылықты бақылау және зерттеу.

4. Оқушының шығармашылық жұмысқа ынтасын арттыру.

Әдебиет пәні жан -жақты ойлантудың пәні, оның ерекшелігі де сол өзіндік ойлау мен пікірді айта алуында жатыр. Ол үшін біз алдымызға « Нені, қалай оқытамыз? » сауал қоямыз. « Ой салу - ұстаздан, ойлану - шәкірттен » демекші шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру барысында мұғалімнің қолданатын өзіндік әдістері болуы керек. Жаңа әдістер дегенде өзім пайдаланып жүрген « Сын тұрғыдан ойлау » бағдарламасына тоқталсам, нәтижесі – баланың танымдық белсенділігі артады, өз бетінше білім алуға ұмтылады. Бағдарлама стратегияларында сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады : 1) қызығушылығын ояту, 2) мағынаны ашу, 3) толғаныс Міне осы үш кезең арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін оятып және белсенділігін туғызуға болады. Сабақтың құрылымдық жоспарына Қызығушылығын ояту стратегиясы бойынша → Ой қозғау → Топтастыру т.б. Мағыныны ашу стратегиясы бойынша → Венн диаграммасы → Бес жолдық өлең т.б. Толғаныс стратегиясы бойынша → Эссе → Реферат т.б стратегия түрлерін қолдану оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорды молайтуға, ойлау қабілетін дамытуға, өз ойын, пікірін еркін жеткізе білуге үйретеді. Әрине, тек бір ғана технологияны емес, өз жағдайыңа қарай кез келген әдістерді түрлендіріп пайдалануға болады. Өйткені жаңа технологялардың басты мақсаты – баланы оқыта отырып,, оның еркіндігін қалыптастыру, белсенділігін дамыту, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру емес пе ? Осы мақсатта 5-6 сыныптарға сабақ өткізгенімде көз жеткізгенім : шәкірттерім топтық жұмысқа белсене қатысады және қалыптасады, ақыл - ойы дамиды, еркін сөйлеуге төселеді. Мәселен 5 – сыныпта Абай шығармасын өткенде «Топтастыру » стратегиясы бойынша Абай кім ? Несімен танымал ? деген сұраққа



деп жауап береді. Ал енді осылардың әрқайсына тоқталып өтейік, кестені толтыр десек :

Өлеңдері Аудармалары Сазгерлігі Ошыл, философ
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім. » «Ғылым таппай мақтанба » «Жаз », « Күз », « Қыс » т.б « Бақа мен өгіз » «Түлкі мен қарға » « Қараңғы түнде тау қалқып » « Қарасөздері »

Өз білгендерін осылай жазып шығады. Толықтырып келуге тапсырма берілсе, балалар үйден қарап та кестені толықтырары сөзсіз. Жалпы ақын –ыжазушылардың шығармалары 5 – 11 сыныптарда бірте – бірте жоғарылаған сайын толықтырылып отырылады, сондықтан орта буын оқушылары бұл кестені толтыру үшін еңбектеніп, біраз ізденеді. Мұғалімге де керегі сол ізденіс емес пе ?

Әрі қарай әр ақын –жазушыны өткен кезде өмірі мен шығармашылығы туралы мынандай кесте толтыруға болады. Яғни, « Хронологиялық кесте » баланың есте сақтау қабілетінің дамуына себебін тигізеді .

Хронологиялық кесте 1

Абай Құнанбайұлының өмірі туралы деректер

Мерзімі Болған оқиғалар
1845 жыл 1855 жыл 1858 жылы 1904 жыл Ұлы ақын А. Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының Қасқабұлақ деген жерінде дүниеге келген. Ахмет – Риза медресесінде оқиды. « Приходская школада » үш ай оқиды. Әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, ел билеу ісіне араластырады. Ауру меңдеген ақын қайтыс болады

Осы үлгіде Хронологиялық кесте 2 деп ақын шығармаларын толтыруға болады. Мұнда кестелер арқылы оқушының оқулықпен де өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз. Нәтижесін білу мақсатында хронологиялық тест пайдалансаңыз оқушы білімін бағалауға септігі тиеді.

Әрбір шығарманың оқушыға тигізер әсері бар. Сол әсерді балаға берудің кілтін іздеу қажет. Мәселен, С. Сейфуллиннің « Ақсақ киігін » өткенімде өлеңдегі басты ойды бірлікте талдау мақсатында төмендегі үлгіде кесте ұсындым :

Негізгі мәселе шумақтар Тақырыптар қою
1)Ақынның Бетпақ шөлді таныстыруы 2) Бөкен туралы 3)Оқ тиген киіктің кездесуі 4)Сұлулық пен жауыздық 1,2,3,5 4,6,7,8,9 10,11,12,13 14,15, 16, 17 Бетпақ дала Аң төресі- ақбөкен. Жаралы жануар – Ақбөкен.

Сабақ соңында Сауалнама алдым

Өлеңнің мазмұнымен таныстым Өлеңді талдай білуді Жаралы киікке жаным ашыды, адамдардың мейірімсіздігі жөнінде ойландым

Шығармашылық оқушыға ләззат, қуаныш сезімін әкелуге тиіс. Мәселен, сабақ үстіндегі өнер сайысы. Ол үшін екі топты ұйқас сөз табудан жарыстыруға болады. « Батырлар жырын » өткен кезімде балалар берілген сөзге ұйқас іздей отырып,

осы тақырыпта өлең шығарды. Мысалы, берілген сөз - батырлар, айтылар, пір тұтып, бас ұрар болса :

Ел қорғаған батырлар,

Әнге қосып айтылар.

Бүгінгі ұрпақ пір тұтып,

Ерлігіңе бас ұрар. Мұндай ойындар сабақ үстіндегі баланы сергітеді, әрі өлеңге құштарлығын арттырады.

Сонымен қатар шығарма кейіпкерлеріне мінездеме жазу да баланың сөздік қорының молаюына, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасау арқылы жақсы мінез бен жаман мінезді айыра білуге де тәрбиеленеді. Сол секілді менің өз тәжірибемде өтілген сабақ мәтіні бойынша сурет салып келуді дағдыға айналдырғанмын.

Ақын Мағжан Жұмабаев :

« Негізінде әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрселерден оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің суреттен, біреудің поэзиядан. » деген екен. Әрине сыныптағы барлық оқушы суретші болып шықпас, бірақ « бала жанының тамыршысы болып » оның бойындағы қабілетті жарыққа шығаруға ешкім дау айтпас. Жалпы алғанда ғылымда дәлелденгендей, шығармашылыққа қабілетті жас – орта буын оқушылары. « Баланың балалығын тыйдым дегенше, даналығын тыйдым де » демекші әдебиет сабағында ситуациялық сұрақтар беріп, оқушы жауабына масаттанатындай мақтау жеткізіп, сабақ барысында « Жалғастыр »,

« Сөйлемді аяқта», «Жалғасын тауып жаз» т.б шығармашылық ойындар ойнату оқушының қызығушылығы мен ынтасын тудырытынын айтуға болады. Ал оқушының ойыны да, оқуы мен еңбегі де тек қызығушылығы болған жерде нәтижелі болмақ. Қызығушылық болған жерде бала өзінің күшіне сеніп, атқаратын жұмысына бар ынтамен кіріседі. Шәкірт қызығушылығын сабақта дамытуда мұғалімнің сабақты түрлендіріп отыруының маңызы зор. Әр өтілетін сабақ оқушыны қуанышқа бөлеуі керек. Баланы ерекше бір әсермен жігерлендіретін, шабыттандыратын ұстазының бір ауыз сөзі. « Сен – ақынсың, сенің өлеңің керемет » деген сөздерден бала жаны шаттанып сала береді.

Әдебиет тарихпен тығыз байланысты. Әр заманның өз ортасын, келбетін бала қиялдау арқылы елестетеді. Әр сабақты өткен кезде мүмкіндігінше бейнематериалдар пайдаланып отыру оқушының белгілі бір дәрежедегі қызығушылығын арттырады. Кейіпкер дүниесіне бойлап әсерленеді. Мәселен,

М. Шахановтың « Отырар » дастанын өткен кезде « Көшпенділер » фильмінен үзінді көрсеттім. Сыныпты топқа бөліп, әр рөлді балаларға бөліп бергенімде, олардың мәтін сөздерін жаттауға және образға енуге ынтасын байқадым. Себебі тарихи оқиғаны білу және көз алдарындағы кино ленталары олардың сезіміне әсер етіп, жүрегін тебірентті, терең ой салды және бір құбылысты екінші құбылыспен салыстырып қорытынды шығыруға, мәдени өрісін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойламын. Жалпы әдебиет сабақтарында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін мынандай деңгейлік тапсырмалар берілуі қажет :

1. Көркем шығарманы толық оқып, мазмұны бойынша жоспар құру.

2. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру.

3. Шығарма тіліндегі көркемдеуші құралдарды таба білу және талдау.

4. Көркем шығармаға байланысты оқушы шығармашылығы.

Міне, осылар арқылы бала бұрынғы білімді пайдалана отырып, жаңа мәселені шешуге тырысады, талдайды, зерттейді, өз бетімен шығармашылық жұмыстар жүргізеді. Осыдан келіп баланың дарыны ашылады. Демек оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін :

1. Сабақты түрлендіріп отыру ;

2. Сабақта оқушылардың өздері зерттеген еңбектерін, суреттерін т.б пайдалану

3. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильимдерді, яки техникалық құралдарды тиімді пайдалану керек деп ойлаймын.

Ұлы Абайдың « Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады » деген сөзі еш заманда мәнін жойған емес. Озық ойлы білімді адамдар өзіне ғана емес заманға, қоғамға пайда әкеледі. « Өлең – сөздің патшасы » деп ұлықтаған Сөз өнері – адамзаттың тәрбиешісі. Әдебиеттен нағыз білім алған баланың ертең нашақор, жауыз болмайтынына, ең ізгі жүректі азамат боларына сеніңіз. Сондықтан да әдебиет пәнінің бірден – бір мақсаты – бала жанын, рухын тәрбилеу екенін ұмытпай, ұстаздық қызметімізді ізденіспен, нәтижесін көрер ерен еңбекпен атқарсақ деймін. Себебі « Ендігі жерде сабақ процесі ұстаз бен оқушылардың – екі жағының да белсенділігі, біліиі қатар, жарыса танылатын шығармашылық диалогқа айналуы. ( С. А.) » дейді ғалым ағамыз. Ендеше сабақ барысындағы ұстаз жауапкершілігі және шығармашылық жетекшілігі еш бәсеңдемейді. Яғни екі жақтың да ізденісін, қызығуын, білімге ынтасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты.

Пайдаланған әдебиеттер :

Серік Мақпырұлы «Оқушылардың әдеби – теориялық ұғымдарын қалыптастыру мәселесі »

Зейнолла Қабдолов « Сөз өнері »

5 – сынып әдебиет оқулығы Алматы « Атамұра » 2005

6 – сынып әдебиет оқулығы алматы « Атамұра » 2006

Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру

Жарияланды 28-02-2013, 22:58 Категориясы: Әдістемелік көмек

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші ( негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Бұл бағдарлама жеті модульге сараланған.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Оның бірі – диалог. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
1-слайд «Көбелек»
2. Сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді. Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген құралдары бар.
«Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай алады.
2- слайд
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Бағалаудың екі түрі бар. Ол формативті яғни қалыптастырушы, суматифті ол қорытынды баға болып табылады. Оқушыларды мадақтап, үнемі ынталандырып отыру керек. Бағалау техникасының түрлері «Өзін - өзі бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұптық бағалау»
3 - слайд
4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану
АКТ - ол мұғалімнің көмекші құралы. Оқушыларда сандық технологияларда құзырлық таныта білулері қажет. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту аса маңызды. Қазіргі таңда білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Талант ол туа біткен қасиет, ал дарын барлық балаларда бірдей бола бермейді. Талантты және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар және деңгейлік тапсырмалар беріліп отырады. Қазіргі таңда инклюзивті мектептер ашылып тәжірибе жасалып жатыр. Оқуда сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда бірге оқылады.
4 - слайд
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы негізінде сипатталады.
5 - слайд

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдар оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты бола алады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мұғалімнің үш көмекші құралы бар. Ол бас, қол, жүрек.
Бас - тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді.
Қол - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін білуді талап етеді.
Жүрек - ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
6 - слайд
Мұғалім сұрақ қоюдың өзін жете білу керек. «бастама – жауап - кейінгі әрекет» мұндай жағдайда сыныптағы оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрті болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу; түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдірген, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей құрылуы қажет. «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»
Қайта бағыттау сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау « Көмектесе алатындар бар ма?» Диалогтік тәсіл арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

· 100

барлық дауыс бергендер: 2

Ілмек сөздер: Баяндама, әдістемелік көмек, сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Жарияланды 4-11-2013, 22:46 Категориясы: Әдістемелік көмек

Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім қажет. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан - жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр. Жоғары технологиялар заманында адамға жан - жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдері қажет. Елбасы 2012 жылғы Жолдауында еліміздің білім сапасын арттыру бағытын жүзеге асыру мақсатында ұстаздардың біліктіліктерін арттыру үшін үш айлық курс ашылды. Бұл курс барысында өзіміздің біліктілікті арттырудың мән - жайына қанығып, соңғы заманауи әдіс - тәсілдерді басшылыққа алады. Бұл Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бұл бағдарламада қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы берілген.

2 деңгей мұғалімдеріне көмек

Жарияланды 29-09-2013, 18:11 Категориясы: Әдістемелік көмек

Встановленого порядку несення військової служби
Методические указания по выполнению задачи 5.4
Методы интерпретации результатов КТГ
What role does higher education play in the life of our society? Is it important to have a Diploma to make a successful career? Or is it possible to succeed without higher education?
СТАДИИ АДМИНИСТРАТИВНОГО ПРОЦЕССА
Актуальність теми
РОССИЙСКОЕ ОБЩЕСТВО ПАТОЛОГОАНАТОМОВ
Классификация грунтов и пород по СНиП
Тендер в свете нейропсихолингвистики
Принцип методу
Факторы развития когнитивных функций в период поздней взрослости и старости
Применение гальванических покрытий
Дидактическая характеристика системы Л.В. Занкова
Тема Понятие и сущность государства.
Выбор места для полевого размещения
Поля, ориентация и размер
Податок на додану вартість.
ТРИГОНОМЕТРИЧЕСКИЕ РЯДЫ ФУРЬЕ
Выражения, часто употребляющиеся в деловой переписке.
Система маркетингових досліджень на туристичному підприємстві.
МЕТОДЫ УЧЕТА ЗАТРАТ НА ПРОИЗВ-ВО И КАЛЬКУЛИР-Е С/С П-ЦИИ
Тема 3. Аналіз маркетингового середовища
Text 7: Agencies and their Personnel
Главная Страница